Мажарстан Қазақстанның вакцинациялау паспортын мойындаған Еуроодақтағы алғашқы ел болды

0
361

Иммундау сертификаттарының болуы Covid-19 таралуын болдырмауға бағытталған шектеу шараларынсыз (ПТР тест және карантин) екі ел азаматтарының Қазақстанға және Мажарстанға кіруіне кепілдік береді.


Мажарстан Қазақстанның вакцинациялау паспортын мойындаған Еуроодақтағы алғашқы ел болды

Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы байланыстар министрлігінде Қазақстан Елшісі Жәнібек Әбдірашов Мемлекеттік хатшының орынбасары Андраш Баранимен кездесіп, екі ел арасындағы вакцинациялау сертификаттарын/паспорттарын өзара тану туралы вербалды ноталармен алмасты, деп жазады inbusiness.kz.

Иммундау сертификаттарының болуы Covid-19 таралуын болдырмауға бағытталған шектеу шараларынсыз (ПТР тест және карантин) екі ел азаматтарының Қазақстанға және Мажарстанға кіруіне кепілдік береді. Өзара мойындау – шекараларды ашу және Будапешт пен Нұр-Сұлтан арасындағы тікелей әуе қатынасын жандандыру бойынша алғашқы қадамдардың бірі.

Осылайша, Мажарстан қазақстандық вакцинация сертификаттарын / паспорттарын мойындайтын Еуропалық одақтың алғашқы елі болды.