Мәжіліс депутаттығына кандидат тегін такси қызметін ұсынған

0
452

Бұдан бөлек аноним үгіт материалдарын таратудың 5 фактісі анықталды.


Мәжіліс депутаттығына кандидат тегін такси қызметін ұсынған

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы үгіт-насихат нормаларының бұзылуы туралы мәліметтерді жариялады, сайлау процесіне қатысушылардың көбі үнһгіт материалдарын жыртып, тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізгені үшін жазаланды, деп жазады zakon.kz.

Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиевтің мәлімдеуінше, Мәжіліс депутаттарын сайлауға үгіт-насихат жүргізу кезеңінде сайлау туралы заңнаманың бұзылуына жол берілген 23 факт анықталды.

"Алматы қаласындағы бір кандидат ӘҚБтК-нің 122-бабы бойынша жазаға тартылды. Ол сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзып, азаматтарға тегін такси қызметін көрсеткен. Кінәсін мойындады, оның да тіркеуінің күші жойылды".Жандос Өмірәлиев

Бас прокурор орынбасарының айтуынша,тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізген 12 факті тіркелді. Оның ішіндегі 6 жағдайда кінәлілер үш заңды тұлға және үш азамат болып шықты. Олар кандидаттар емес. Қалған 6 жағдайда үгіт жұмыстарын заңсыз, яғни кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін Мәжіліс депутаттығына кандидаттар жүргізген. Сот ӘҚБтК-нің 102-бабы бойынша айыппұл салғаннан кейін және сот актілері заңды күшіне енген соң тиісті округтік сайлау комиссиялары олардың тіркеуінің күшін жойды.

"Үгіт жүргізу кезеңінде Қарағанды қаласының 2 тұрғыны үгіт материалдарын жұлып, бүлдіргені үшін жауапқа тартылды. Олар құқық бұзушылық жасағанын мойындаған соң, қысқартылған тәртіпте, яғни тиесілі ең жоғары айыппұл сомасының 50% (15 айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынды.3 факт сайлау бойынша қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізумен байланысты. Заң бойынша оларды 5 жылдық тәжірибесі бар және ОСК-сын алдын ала хабардар еткен заңды тұлғалар ғана жүргізуге құқылы".Жандос Өмірәлиев

Бұдан бөлек аноним үгіт материалдарын таратудың 5 фактісі анықталды. Олар бойынша 4 адам ӘҚБтК-нің 113-бабымен жауапқа тартылды. Олардың үшеуі Ақмола облысынан кандидаттың өкілі, біреуі БАҚ өкілі.