Мәжіліс депутаты Air Astana компаниясын сотқа бергелі жатыр

0
239

Депутат билет алған әуе рейсі кестеден 7 сағат бұрын ұшып кеткен.


Мәжіліс депутаты Air Astana компаниясын сотқа бергелі жатыр

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова "Air Astana" әуе компаниясын сотқа бергелі жатыр. Бұл туралы депутат әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Өйткені халық қалаулысы билет алған әуе ұшағы кестедегі уақытынан 7 сағат бұрын ұшып кеткен.
"23.35-те мен Air Astana-мен Алматыдан Астанаға ұшуым керек еді. Ал ұшақ сағат 16.30-да ұшып кеткен! 7 сағат бұрын! Мен де, билеттерді алған компания да ешқандай хабарлама алмағанбыз! Әуе компаниясына қоңырау шалдым, олар шағымымды билет алған компанияға жіберуді ұсынды", - деп жазды депутат Ирина Смирнова әлеуметтік желілерде.
Авиакомпания: "ұшу уақытының өзгеруіне байланысты болған қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Авиакомпания барлық жолаушыларға өзгерістер туралы SMS хабарлама жібереді" деп жазған.
Алайда депутат Ирина Смирнова ешқандай SMS хабарлама алмағанын айтып жатыр. Ол авиакомпанияны сотқа беретінін мәлімдеді. Бұған дейін Air Astana 3-4 шілде аралығында авиакомпанияның рейстер кестесінде өзгерістер болатынын хабарлаған болатын. Себебі - Астананың әуе кеңістігінің жүктемесі артқан. (ШЫҰ саммитін өткізуге және шет мемлекеттер басшыларының келуіне байланысты - Sputnik).
"Осы кезеңде ұшатын жолаушыларға авиакомпания ұшудың жаңа уақыты туралы хабарлама жіберіп, Air Astana сайтында немесе қосымшасында рейстің мәртебесін тексеруді сұрайды", - делінген хабарламада.
Авиакомпания тексеру және тіркеу рәсімінен өту үшін әуежайға алдын ала келуді ұсынады.