Мәжіліс депутаты монша бағасына шағымданды

0
674

Саировтың айтуынша, Қазақстандағы баға көрсеткіштері қайта қарауды қажет етеді.


Мәжіліс депутаты монша бағасына шағымданды

ERNUR.KZ. Мәжілісте халықтың кірісін 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасын талқылау барысында Amanat партиясының депутаты Ерлан Саиров монша бағасының қымбаттағанына шағымданды, деп жазады tengrinews.kz.

"Керемет" деген моншаға барамын. Қазір адамдар аптасына бір емес, екі аптада бір рет моншаға барады. Неге? Өйткені онда да баға өскен", - деді Саиров.

Депутат Саиров монша мен жұмыстан бөлек, астаналық "Артем" базары мен Small супермаркетіне де барады. Осылайша ол негізгі азық-түлік тауарлары бағасы өскенін білген.

"Артём" базары мен Small супермаркетіне барамын. Май, нан, макарон, күріш сияқты күнделікті тұтынатын өнімдер 80 пайызға өсті! Бұл туралы неге айтпаймыз? ЖІӨ өсімін инфляция жұтып жатыр", - деді Мәжіліс депутаты.

Саировтың айтуынша, Қазақстандағы баға көрсеткіштері қайта қарауды қажет етеді.

"Табиғатқа, айталық, қандай шығындар болады. Моншаға, азық-түлікке. Барлығын есептеп, жаңа индикаторлар жасау керек. Әйтпесе, халық біздің сөзімізге сенбейді. Бізге бірінші кезекте сенім презумпциясы маңызды", - деді депутат.