Мәжіліс құмар ойындарға қатысты қосымша шектеу енгізуді ұсынды

0
157

Оның айтуынша, "онлайн-ставкалар" мен құмар ойындар саласын реттеуді де жетілдіру керек.


Мәжіліс құмар ойындарға қатысты қосымша шектеу енгізуді ұсынды

фото: Sputnik / Виталий Аньков

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин құмар ойындарға қатысты қосымша шектеу енгізуді ұсынды, деп жазады sputnik.kz.

Соңғы зерттеулерге сәйкес, халық тығыз орналасқан қалалар мен елді мекендерде ішімдік пен шылымды шектен тыс тұтыну, сондай-ақ, есірткі мен құмар ойындарға тәуелділік артып келеді.
"Қазір ресми мәліметтер бойынша шамамен елде 18 мың адам есірткіге тәуелділік бойынша есепте тұр, алайда сараптамалық бағалаулар, олардың нақты саны бұдан әлдеқайда көп екенін көрсетіп отыр. 100 мыңнан астам азаматтар маскүнемдіктен зардап шегіп отыр. Бұдан бөлек, шамамен 300 мың азаматта құмар ойындарына тәуелділік белгілері бар", - деді Нұралин мәжілістің бүгінгі отырысында.
Әсіресе, жастар арасында теріс әрекеттер көбейіп барады. Осыған байланысты Нұралин үкіметке депутаттық сауал жолдап, бірнеше ұсыныс жасады.
"Кәмелетке толмағандарды қорғау мақсатында темекі және алкоголь өнімдерінің айналымы мен жарнамасына, сонымен қатар цифрлық және онлайн арналарда бақылауды күшейту керек", - деді Нұралин.
Оның айтуынша, "онлайн-ставкалар" мен құмар ойындар саласын реттеуді де жетілдіру керек. Соның ішінде жастар мен әлеуметтік осал топтардың қолжетімділігін шектеудің қосымша тетіктерін енгізген жөн.