Мәжіліс Ұлттық қордан түсетін трансфертті 4 триллион теңгеге дейін арттыруды мақұлдады

0
816

Депутаттар "Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға өзгеріс енгізу туралы заң жобасына дауыс берді.


Мәжіліс Ұлттық қордан түсетін трансфертті 4 триллион теңгеге дейін арттыруды мақұлдады

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары 2022 жылы Ұлттық қордан түсетін трансфертті 4 триллион теңгеге дейін арттыруды мақұлдады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ұлттық қордан түсетін трансферттің көлемін 4 триллион 30 миллиард теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, қаражат республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық қордың мақсатты көрсеткіштері фискалдық шектерде қалады", - деді Мәжіліс отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Депутаттар "Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға өзгеріс енгізу туралы заң жобасына дауыс берді.