Мейіржан Юсупов ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

0
2 514

Мейіржан Юсупов 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.


Мейіржан Юсупов ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мейіржан Бақытұлы Юсупов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мейіржан Юсупов 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2001 жылы Таяу Шығыс техникалық университетін "Экономика және басқару" мамандығы бойынша, 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді, 2007 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы коммерциялық құрылымдарда бастаған. Кейіннен "Демир Қазақстан Банк" АҚ-да, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-да жұмыс істеді.

2010 жылдан бастап 2020 жылғы қараша аралығында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қазынашылық бастығы, директоры, экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болып жұмыс істеді.

2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.