Мейрамда тегін палау таратылып жатқан кезде шыққан жанжалдың видеолары қызу талқыға түсті

0
8 211

22 наурызда Наурыз мейрамына орай Қазақстанның көп қаласында палау, наурызкөже, бауырсақтар тегін таратылды.


Мейрамда тегін палау таратылып жатқан кезде шыққан жанжалдың видеолары қызу талқыға түсті

ERNUR.KZ. Желіде Наурыз мейрамына орай тегін таратылған палаудың арты дауға ұласқан видеолар тарады.

22 наурызда Наурыз мейрамына орай Қазақстанның көп қаласында палау, наурызкөже, бауырсақтар тегін таратылды.

Кейбір жерлерде асқа ұзын-сонар кезектер болған. Кейбірі тіпті жанжалға ұласқан.

Ұйымдастырушылар палауды бір рет пайдалануға болатын ыдысқа салып таратып жатқанымен, кейбірі ыстық тағамды пакетке салып алған.

Желі қолданушылар мерекеге келген қонақтардың бұл әрекетіне таңғалды.

"Ұят-ай, адамдар аштан қалған сияқты", - деп жазған олар.
"Концерт, спорт жарыстары, фестиваль бар ғой, адамдар тек тамақ ішуге келе ме?" - деп таңғалды желі қолданушылары.

Видеоларда ыстық тағам жанында адамдар қысылғаны көрінеді. Ұйымдастырушылар қонақтарға ас таратып үлгермеген.