Мектеп әжетханасындағы өлім: марқұм жасөспірімнің анасы сот үкімімен келіспейді

0
97

Сот айыпталушылардың үшеуіне қатысты үкім шығарды.


Мектеп әжетханасындағы өлім: марқұм жасөспірімнің анасы сот үкімімен келіспейді

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында мектеп дәретханасында 14 жастағы жасөспірімді өлімші етіп ұрып-соққан жоғары сынып оқушыларына сот үкімі шығарылды. Қайтыс болған оқушының анасы үкімге көңілі толмағанын білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Сот айыпталушылардың үшеуіне қатысты үкім шығарды. Екі айыпталушы нақты мерзім алды – сот оларды алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырды. Үшінші айыпталушы тек бас бостандығын шектеу жазасын алды. Қайтыс болған баланың ата-анасына өтемақы тағайындалды.

"Сот заңды өкілдерден моральдық зиянды өндіріп алды. Жәбірленушіге тікелей соққы жасаған айыпталушының заңды өкілінен 6 миллион теңге өндірілді. Екінші айыпталушы, осы іс бойынша арандатушы деп танылған, оның заңды өкілінен 5 миллион теңге өндірілді", – деді Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлмира Әлімқұлова.

Қайтыс болған оқушының отбасы бұл үкіммен келіспейтінін айтты. Анасы 16 жастағы жасөспірімдердің барлығына қатаң жаза тағайындалуы керек деп есептейді.

"Олар менің баламды өлтірді. Ол небәрі 14 жаста еді. Меніңше, оларға өте жеңіл жаза тағайындалды. Біреуіне тек бір жылға шектеу ғана. Неге? Биыл сәуірде ұлымның қайтыс болғанына бір жыл болады. Ал ол үшін жаза мерзімі аяқталды деген сөз. Олар баламды үшеуі бірдей ұрды! Біз апелляцияға береміз және барлығына жазаны күшейтуді талап етеміз", – деді қайтыс болған баланың анасы Раушан Құдасова.