Мектеп түлегінен 4 млн теңге ақша бопсалағандар сотталды

0
76

Олар жәбірленушіден алдымен 20 млн теңге талап еткен.


Мектеп түлегінен 4 млн теңге ақша бопсалағандар сотталды

фото: Sputnik / Александр Мазуркевич

ERNUR.KZ. Астанада кәмелетке толмаған баладан ақша бопсалаған төрт адам сотталды, деп жазады sputnik.kz.

Сотталғандар жәбірленушінің шетелге оқуға баратынын және ата-анасында қомақты ақша бар екенін біліп, алдымен 20 млн теңгені талап еткен. Мектеп түлегіне психологиялық қысым жасап, атыс қаруын да көрсеткен. Сөйтіп, сұраған соманың бір бөлігін, 4 млн теңгені алған.
Топтың екі мүшесі жәбірленушіден тағы 100 мың теңге ақша алғанда ұсталды. Артынан қылмысқа қатысқан тағы екеуі құрықталды. Сотта төртеуінің кінәсі толық дәлелденді. Соттың үкімімен қылмыскерлердің әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толық өтеліп, сонымен қатар сотталғандардан 2 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілді", - дейді прокурорлар.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Айта кетері, қылмыстық кодексінің 194-бабы (қорқытып алу) бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, белгілі бір жағдайларда бұл қылмыс үшін жауапкершілік 14 жастан басталады. Ал көрсетілген жасқа жетпегпен адам жасаса, оның әрекеттері үшін ата-анасы немесе заңды өкілдері жауап береді.