Мектепте орамал тағуға тыйым салынды

0
205

Сотқа талап қойған оқушының әкесі ішкі ережелермен келіспейтінін мәлімдеген.


Мектепте орамал тағуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты мектепте орамал тағуға қатысты ішкі тәртіп ережелеріне байланысты істі қарады, деп жазады baq.kz.

Сотқа талап қойған оқушының әкесі ішкі ережелермен келіспейтінін мәлімдеген. Ол министрдің бұйрығында бас киімге нақты тыйым салынбаған деп есептейтінін айтқан.

Атап айтқанда, кәмелетке толмаған оқушының әкесі "мектеп формасын киген кезде діни сипаттағы киім мен нышандарды киюге жол берілмейді" деп көзделген Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасын заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Талап қоюшы "шаш пен мойынды жабатын бас орамалын" діни сипаттағы киімге жатқызумен келіспеген, - делінген Астана соттары хабарламасында.

Сот тараптардың дәлелдерін зерттеп, қорытынды шығарды.

"Білім туралы" заң мен мектептің Жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы керек деп ұйғарады. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Әр түрлі конфессиялардың элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді.

Бірыңғай форма ұйымдасқан және тәртіпті оқу ортасын құруға ықпал ететін маңызды элемент. Ата-аналар білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз етеді, - деді сот.

Сот білім беру мекемелерінің белгіленген талаптарын сақтаудың маңыздылығына назар аударды.

Сот заңсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.