Мектептерде COVID-19-ды анықтайтын тесттер қолданыла бастауы мүмкін

0
618

Ол қолданыстағы зерттеулер экспресс-тесттің адам ағзасында коронавирустың бар-жоғын анықтауда жоғары тиімділік көрсеткенін атап өтті.


Мектептерде COVID-19-ды анықтайтын тесттер қолданыла бастауы мүмкін

ERNUR.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мектептерде коронавирусты анықтайтын экспресс-тесттерді қолдануды ұсынды, деп жазады zakon.kz.

Ол қолданыстағы зерттеулер экспресс-тесттің адам ағзасында коронавирустың бар-жоғын анықтауда жоғары тиімділік көрсеткенін атап өтті.

Біз диагностика бойынша тірі вирус пен мутацияланған штаммдарға зерттеу жүргіздік. Қазақстанға әкелініп, тіркеуден өткен барлық негізгі экспресс-тесттерді зерттеп, жақсы нәтиже алдық. Бүгінде экспресс-тестілеудің тиімділігі өте жоғары, - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен брифингіде.

Оның айтуынша, мұндай тесттер қазірдің өзінде Ресейде қолданыла бастаған. Ал келесі аптаның соңына дейін қазақстандық мамандардың экспресс-тесттер бойынша зерттеулері Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады.

Біз мектептерде науқастармен байланыста болған мыңдаған, ал еліміз бойынша 10 мыңдағандарды байқап отырмыз. Олардың барлығын экспресс-тестті қолданып, тексеріп көруге болады. Олардың көмегімен, 15-20 минут ішінде оқушының оқуын жалғастыратынын немесе оқшаулануға жіберу қажеттігін анықтауға болады, - дейді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Бекшин бұл бюджеттік қаражаттың үлкен көлемін үнемдеуге, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін баса айтты.