Әуе қомпаниясының хабарлауынша, ATR 72 қос моторлы турбовинт кемесінің бортында 61 адам болған.
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.
Жеделхатта Мемлекет басшысы елдегі қайғылы оқиғаға ортақтасып, Бразилия халқына Қазақстан халқының және өз атынан көңіл айтты.
“Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.
Еске сала кетсек, Бразилияда жолаушылар ұшағы қала аумағына құлап, 61 адам қаза тапқан болатын.
Әуе қомпаниясының хабарлауынша, ATR 72 қос моторлы турбовинт кемесінің бортында 61 адам болған. Оның 57-і жолаушы және төртеуі экипаж мүшесі. Жергілікті билік жолаушылар мен экипаждың ешқайсысы тірі қалмағанын хабарлады.