Олар соған лайықты.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті туралы айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Мемлекет басшысы twitter парақшасында мәлімдеді.
«Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 29, 2020