​Мемлекет басшысы: Қазақстанда туризмді дамытатын 10 нысан таңдалды

0
1 348

Енді Бурабай, Алматы, Ақтау, Каспий жағалауы, Оңтүстік Қазақстан, Баянауыл жақтан он нысанды таңдап алдық, соларды өркендетеміз», - деді Елбасы.


​Мемлекет басшысы: Қазақстанда туризмді дамытатын 10 нысан таңдалды

ERNUR.KZ. Елбасы БАҚ өкілдерімен өткен кездесу барысында Қазақстан туризмі туралы сөз қозғап, бірқатар туристік нысанның инфрақұрылымы қолға алынатынын айтты, деп жазады Baq.kz.

«Туризм – экономиканың үлкен саласы. Дүние жүзі экономкансының 10 проценті туризмде жатыр. Бізде бұл сала аса дамымаған, бірақ қолға алып жатырмыз. Биыл өзім бәрі көрсін, білсін деп Алакөлге бардым. Адам керемет көп. Салынып жатқан төртжұлдызды, бесжұлдызды қонақүйлер бар. Туризм даму үшін ең алдымен жол мәселесі шешілуі керек. Қазір жол пайда болды. Алматыдан Алакөлге дейін алдықорған арқылы автожол, теміржол бар. Сол арқылы халық демалуға келіп жатыр. Балқаш көлі Қазақстанның дәл ортасында болғанмен, инфрақұрылымы дамымаған. Ол жаққа да қоақ үй салынды. Алматыда тау туризмі дамуда. Көкшетауда қонақ үйден бөлек коттедждер салынып жатыр. Солтүстік Қазақстанда Шалқар, Имантау көлдері бар», - дейді Мемлекет басшысы.

Әзірге игеруге қаражат жетпейді.

«Бұл жерлер туристік нысан ретінде қаралған жоқ, себебі жолдар болған жоқ. Қазір Астанадан барлық облысқа жолдар салынып жатыр. Енді Бурабай, Алматы, Ақтау, Каспий жағалауы, Оңтүстік Қазақстан, Баянауыл жақтан он нысанды таңдап алдық, соларды өркендетеміз», - деді Елбасы.