Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қызметінен босатты

0
596

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысын 2020 жылдың қаңтарынан бері басқарды.


Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

"Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылсын", - делінген жариялаған жарлықта.

Президенттің жарлығымен Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Айта кетері, Олег Крук бұған дейін Сқақовтың бірінші орынбасары болған.
Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысын 2020 жылдың қаңтарынан бері басқарды.