Мемлекет басшысы жаңа агенттік құруды тапсырды

0
2 216

Президент көлеңкелі экономика 2025 жылға қарай 15% -дан аспауы керек екенін баса айтты.


Мемлекет басшысы жаңа агенттік құруды тапсырды

ERNUR.KZ. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа агенттік құруды тапсырды, деп жазады zakon.kz.

"Жалған кәсіпорындармен жұмысты жүйелі түрде күшейту қажет. Жалпы ішкі өнімнің төрттен бір бөлігі көлеңкелі экономикаға тиесілі. Шоттағы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысатын, заңсыз тәсілмен табыс табатын қылмыстық топтардың айналымы миллиондаған теңгеге бағаланады. Былтыр көлеңкелі экономикада рекордтық көрсеткіште істер қозғалды. 73 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Бұл тек бастамасы ғана. Бұл бағыттағы жұмысты күшейту үшін Президент жанынан Экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігін құру қажет. Аталған агенттік көлеңкелі экономикаға қарсы күреспен айналысып, осы іске бас қоюы керек", - деді Президент.

Президент көлеңкелі экономика 2025 жылға қарай 15% -дан аспауы керек екенін баса айтты.