Депутат айтқандай, заңға өзгерістер енгізу бойынша Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорымен ауқымды жұмыс істелді.
ERNUR.KZ. Мемлекет қажеттілігі үшін азаматтардың баспанасын тартып алуға болмайды. Бұл туралы «Халық коммунистері» фракциясының депутаты Ирина Смирнова Қазақстан коммунистік халық партиясында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп жазады baq.kz.
Баспанаға ие болу құқығы лозунг қана емес. Бұл - адам құқығының басым бағыттарының бірі. Баспана – ақша салымы емес. Бұл тек бизнестің нысаны емес. Баспана - адам құқығы. Ол қолайлы жағдайда өмір сүрудің жағдайы. Мемлекеттің жол немесе өзге құрылыс нысанын салу үшін адамды баспанасынан айыру дұрыс емес. Ондай жағдайда сол жерде тұрған үйдің құнын ғана өтеу аздық етеді. Себебі ол баспанада тұрғын үшін барлығы қымбат. Ол сатылмайды. Сол үшін де баспанасыз қалған адамның өзге де тәуекелдерін ескеру керек, - деді Ирина Смирнова.
Депутат айтқандай, заңға өзгерістер енгізу бойынша Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорымен ауқымды жұмыс істелді.
Көп проблеманы зерттедік. Бізде ондай жағдай неге болып отырғанын түсіну қажет болды. Себебі мұндайға жол бермеу керек еді. Атқарылған жұмыс өте көп. Қазір депутаттық бастама бойынша заңды адамның баспанаға деген құқығына қарай бұруды енгізуді көздеп отырмыз. Мемлекеттік қажеттілік немесе үлескерлер төлеп, құрылыс салмағандарға қатысты мәселе болсын, баспана сақталуы керек. Оларға да мемлекет рұқсат берді ғой. Демек, олар жауапкершілікке тартылуы керек. Бұл банктен несие алып ипотекаға алған үйлерінің ақысын төлей алмағандарға да қатысты. Олар тұрып жатқан жерден баспаналарын алып қояды. Кейін мемлекет ол тұрғындарды қайда жіберерін білмейді. Олай істегенше, сол бар үйлерін сақтап қалған дұрыс сияқты. Бүкіл әлемде солай жасайды, - деді ол.
Смирнова заңнамаға тұрғын үй қатынастарына қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізуге дайын екенін айтты.
Қазір ешкімнің баспанасын тартып алуға болмайды. Қазіргі күрделі кезеңде адам өзін қауіпсіз сезінуі керек, - деді ол.
Айта кетейік, Қазақстан коммунистік халық партиясы мен Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң жобасына жер телімі мен баспананы күштеп тартып алу мәселесіне қатысты өзгертулер енгізу бойынша бірлескен отырысы өтті.