Несие револьверлік тәсіл арқылы рәсімделіп отыр.
Фото: rakhat.kz
ERNUR.KZ. «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің еншілес ұйымы саналатын Қазақстанның Даму Банкі «ЛОТТЕ Рахат» АҚ компаниясына кондитерлік өнімдердің экспортын қолдауға арналған несие бөледі, деп жазады inform.kz.
Несие револьверлік тәсіл арқылы рәсімделіп отыр. Несиенің шекті сомасы — 3 млрд теңге. Компания бұл сомадан қажетіне қарай несие алып, оны қайтарған соң лимит шегінен аспайтын мөлшерде қайта несие рәсімдей алады.
Бұл қаржыны «ЛОТТЕ Рахат» компаниясы шоколад, бәліш, кәмпит және басқа да кондитерлік өнімдерін өндіріп, экспорттау шығындарын өтеуге жұмсау керек.
Еске салсақ, Премьер-министр Олжас Бектенов маусым айындағы Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі арқылы бизнеске 12,6 пайызбен 8 трлн несие бөлінетінін айтқан еді.