Мемлекетке қайтарылған 2,2 млрд теңге су тасқыны салдарын жоюға жұмсалады

0
603

Сонымен қатар келешекте өндірілетін қаражат та зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталады.


Мемлекетке қайтарылған 2,2 млрд теңге су тасқыны салдарын жоюға жұмсалады

ERNUR.KZ. Активтерді қайтару жөніндегі комитет арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды, деп жазады sputnik.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар келешекте өндірілетін қаражат та зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталады.
Айта кетері, премьер-министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылған.