​Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды

0
101

Бұл шешім Мемлекеттік қаржы саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен Қазақстанның 2025-2027 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының теңгерімін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру шеңберінде қабылданды.


​Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ERNUR.KZ. Бұл шешім Мемлекеттік қаржы саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен Қазақстанның 2025-2027 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының теңгерімін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру шеңберінде қабылданды. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады, деп жазады inform.kz.

Қаржы министрлігі, Ұлттық банк және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп консультациялық-кеңесші орган Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңестің құрылғаны туралы хабарлайды.

Бұл шешім Мемлекеттік қаржы саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен Қазақстанның 2025-2027 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының теңгерімін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру шеңберінде қабылданды.
— Кеңестің қызметі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының ауқымдылығын, ликвидтігі мен тиімділігін арттыруға, бюджет тапшылығының алдын алу үшін мемлекеттік қарыз алу құнын төмендетіп, квазимемлекеттік сектор нарығы мен корпоративті эмитенттер үшін тиісті бенчмарктерді жолға қоятын шараларды қалыптастыруға бағытталған. Кеңестің негізгі міндеттері — макроэкономикалық жағдайлар мен қарыз тұрақтылығын ескере отырып, мемлекеттік қарызды басқаруға, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту мен оларды ішкі және сыртқы нарықтарға шығару саясатын қалыптастыруға келісілген әрі ортақ тәсілдерді әзірлеуді қамтиды, — делінген Қаржы министрлігі хабарламасында.
Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңесті құру Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің және Ұлттық экономика министрлігінің фискалды және ақша-несие саясатын тиімді үйлестіріп, сондай-ақ бағалы қағаздардың ішкі нарығын дамыту жөніндегі міндеттерге басымдық берілгенін айғақтайды.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың тиімді және ликвидті нарығын дамыту мемлекеттік қаржы жүйесінің орнықтылығын арттырудың, табыс жағынан нарық бағдарын қалыптастырудың және еліміздегі қор нарығын одан әрі дамытудағы негізгі маңызды элементтердің бірі ретінде қарастырылып отыр.