Мемлекеттік қызметтер 24/7: Қазақстан цифрлық мемлекет архитектурасын қалыптастыруды көздейді

0
118

Цифрлық кодекс аясында Қазақстанда ақпараттандырудан басқарудың архитектуралық моделіне көшу жоспарланып отыр.


Мемлекеттік қызметтер 24/7: Қазақстан цифрлық мемлекет архитектурасын қалыптастыруды көздейді

ERNUR.KZ. Бұл модель туралы ОКҚалаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун кеңірек айтып берді.

Оның айтуынша, негізгі логика – мемлекетті цифрлық платформа ретінде құру. Басты мақсат – географиялық орналасуына және тәулік уақытына қарамастан әрбір азамат пен бизнеске мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы, жылдам және қауіпсіз түрде қолжетімді ету.

«Электрондық үкіметтің цифрлық платформасы, цифрлық үкімет ұғымдары қалыптастырылуда, орталық мемлекеттік органдарға да, өңірлерге де қойылатын нақты талаптар айқындалады. Сонымен қатар өңірлердегі қалаларды ғана емес, олардың салалық ерекшеліктерін (аграрлық бағыт, пайдалы қазбаларды өндіру және т.б.) ескере отырып дамытуды көздейтін «Ақылды өңірлер» атты жеке бап бар», – деп түсіндірді вице-министр.

Сондай-ақ цифрлық үкіметтің цифрлық объектілерінің жаңа өмірлік циклі енгізілуде. Бұған дейін мемлекеттік органдарда ақпараттық жүйелерді құру кезінде олардың көлемі мен күрделілігіне қарамастан бәріне бірдей талаптар қойылса, енді мемлекеттік жүйелерді тезірек әзірлеу қажет, алайда ақпараттық қауіпсіздік пен архитектураға қойылатын талаптар сақталуға тиіс.