Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу ережелері өзгерді

0
304

Бұйрық 2024 жылғы 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.


Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу ережелері өзгерді

ERNUR.KZ. Қаржы министрі 2024 жылғы 29 мамырдағы бұйрықпен мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп жазады zakon.kz.

Жаңа редакцияда бірнеше тармақтар көрсетілген. Сонымен, тізілім екі кіші бөлімнен тұрады: негізгі және қосымша.

Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін жаңарту мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің тізіліммен интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы күн сайын жүзеге асырылады.

Мемлекеттің кәсіпкерлік ортада болуының орындылығын анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша тізілім мәліметтерін өзектендіруді монополияға қарсы орган ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 27-тармақшасына сәйкес оның ақпараты негізінде жүргізетіні нақтыланады.

мемлекеттің мүліктік құқықтарын (оның ішінде интернет-ресурстардың домендік атауына) растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері және бағдарламалық қамтамасыз ету мен интернет-ресурстарға қатысты бухгалтерлік баланс баптарының толық жазылуы;

алынбалы тасығыштағы электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмелері.

Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін жаңарту мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің Тізіліммен интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы күн сайын жүзеге асырылатыны көрсетіледі.

  • жою;
  • қайта құру;
  • жекешелендіру;
  • мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі.

Тізілімнің веб-порталына кіру деңгейі бойынша пайдаланушылар келесі санаттарға бөлінеді:

  • жеке және заңды тұлғалар;
  • мемлекеттік заңды тұлғалар;
  • тиісті саланың уәкілетті органдары;
  • мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;
  • республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
  • мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;
  • облыстық уәкілетті орган және облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
  • аудандық уәкілетті орган және аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға және коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруға өкілеттіктер берілген атқарушы органдар;
  • монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері.

Ережелер сонымен қатар монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері үшін тізілімде мынадай функциялар қолжетімді екендігі туралы жаңа тармақпен толықтырылды:

  1. коммуналдық және республикалық меншіктегі ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбелерін және олар бойынша мәліметтерді қарау;
  2. республикалық және коммуналдық мүлік бойынша талдамалық және статистикалық есептілікті қалыптастыру.

Бұйрық 2024 жылғы 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.