Заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін егжей-тегжейлі реттеуге қатысты жұмыстар да жүргізіледі.
фото: Пресс-служба акима Алматы
ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсеткендерді қосымша ынталандыру шаралары әзірленетінін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Президенттің ұлттық құрылтайдың кешегі отырысында айтқан сөздерінен кейін мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіледі.
Заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін егжей-тегжейлі реттеуге қатысты жұмыстар да жүргізіледі.
"Сондай-ақ, нормативтік актілергеқажетті өзгерістер енгізіліп, көрнекі нұсқаулықтар дайындалады. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсететін азаматтарды қосымша ынталандыру шаралары әзірленеді", - деді Балаева үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, кешегі құрылтайда Тоқаев көшеде, көліктер мен үйдің терезелерінде Туды көргеніне қуанатынын айтты. Себебі бұл - ұлт бірлігінің көрінісі.


