Мемлекеттік сатып алу туралы заң мәселені шешіп отырған жоқ – Аймағамбетов

0
650

Депутат бірнеше заңнамада кеткен кемшіліктердің салдарынан мұнайшылардың проблемасы күні бүгінге дейін шешілмей келе жатқанын атап өтті.


Мемлекеттік сатып алу туралы заң мәселені шешіп отырған жоқ – Аймағамбетов

ERNUR.KZ. Мемлекеттік сатып алу туралы заң өз міндетін дұрыс атқармайды. Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады sputnik.kz.

Оның пікірінше, жаңаөзендік мұнайшылардың мәселесін біржақты қарамау керек.
"Мемлекеттік сатып алу туралы заң өзіне жүктелген міндеттер мен мүмкіндіктерді дұрыс атқарып отырған жоқ. Сол себепті шиеленістер болып жатыр. Тиісті келісімшартқа қысқа мерзімге қол қойылса, әрине үлкен компанияларда жыл сайын проблема болады. Жұмыскерлер келесі жылы жұмыссыз қалмай ма, отбасына нан тауып бере ала ма деген сұрақ туындайды. Бұл мәселеге кішігірім шиеленіс деп біржақты қарауға болмайды", - дейді Аймағамбетов.
Депутат бірнеше заңнамада кеткен кемшіліктердің салдарынан мұнайшылардың проблемасы күні бүгінге дейін шешілмей келе жатқанын атап өтті.