Мен қазақстандықтардың зейнетке ерте шығуына қарсы емеспін – Тамара Дүйсенова

0
1 307

​Министр қазақстандықтардың табысын ескеріп, зейнетке ерте шығудың бірнеше жолын қарастыру қажет екенін атап өтті.


Мен қазақстандықтардың зейнетке ерте шығуына қарсы емеспін – Тамара Дүйсенова

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендетуге қарсы емес екенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Мен қазақстандықтардың зейнетке ерте шығуына қарсы емеспін. Бізде қазірдің өзінде зейнетақы аннуитетін рәсімдеуге және зейнет демалысына 55 жаста шығуға мүмкіндік бар. Факторлардың барлығын бірлесе отырып зерттеуіміз керек. Бұл кейін азаматтарымыздың зейнетақысы төмен болмауы үшін қажет. Азаматтардың табысын ескеріп, зейнетке ерте шығудың бірнеше тәсілін қарастыруымыз керек", - деді Тамара Дүйсенова зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету бойынша Қазақстан әйелдері қозғалысының өкілдерімен кездесу барысында.

Кездесу кезінде белсенділер зейнет жасын төмендетуге байланысты өз ұсыныстарын жеткізді. Оны министрлік жанындағы арнайы жұмыс тобы жан-жақты зерделейді.

Жиында экономика секторларындағы жасы 50-ден асқан әйелдердің табысы мен әлеуметтік статусы, төмен зейнетақы алатындардың мәселесі де көтерілді.
Бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов үкімет қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесін талқылауға дайын екенін айтты.