Алматы облысындағы ауыл әкімінің халықпен кездесуде айтқан сөзі қоғамда резонанс туғызды.
ERNUR.KZ. Алматы облысында ауыл әкімі "Мені халық емес, депутаттар сайлады" деген сөзі үшін жазаланды, деп жазады tengrinews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға 14 ақпанда емес, 16 ақпанда Ащыбұлақ ауылдық округіндегі "Алмагүл" саяжайында болған. Сол күні телеарна журналистері кәріз желісінің жарылғанын түсіруге келген.
"Округ әкімі Жасұлан Оңалбаевтың өзін "халық емес, депутаттар сайлады" деген сөзі қате болды. Бұл факт қоғам тарапынан ашуын тудырды. Департаменттің ұсынысы негізінде Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оған сөгіс берілді", - деп хабарлады Алматы облысы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті.
Айта кетейік, Желіде бұған дейін Алматы облысындағы ауыл әкімінің халықпен кездесуде айтқан сөзі қоғамда резонанс туғызды. "Сіз халықпен бірге болуыңыз керек, сізді халық сайлады" деген кісіге әкім "Қателесесіз, мені депутаттар сайлады. Келесі жолы мен сайлауға қатыссам, халық таңдайды" деп жауап берген.
Кейін облыс әкімдігі Оңалбаевты бұл қызметке шынымен де жергілікті аудандық мәслихат депутаттары сайлағанын хабарлаған.