Мереке қарсаңында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

0
153

Жалпы жұмыс күндері ХҚО мен мамандандырылған орталықтар дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00–18:00 аралығында қызмет көрсетеді.


Мереке қарсаңында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

Фото: ХҚКО

ERNUR.KZ. Тәуелсіздік күніне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп жазады stan.kz.

Елімізде Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты 16 желтоқсан, яғни сейсенбі күні халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

Қазақстандықтардың жұмыс күндерінің кестесі келесідей болады:

  • 15 желтоқсан (дүйсенбі) – жұмыс күні.
  • 16 желтоқсан (сейсенбі) – демалыс, Тәуелсіздік күні.
  • 17-19 желтоқсан (сәрсенбі-жұма) – жұмыс күндері.

“Жалпы жұмыс күндері ХҚО мен мамандандырылған орталықтар дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00–18:00 аралығында қызмет көрсетеді. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері 09:00–20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00–13:00-ге дейін ашық”, – деп мәлімдеді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы.

Кезекші мамандандырылған ХҚО-ларда:

Өтініштер жұмыс күндері 09:00–18:00 аралығында қабылданады,
Дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі,
Сенбі күні өтініштер 09:00–12:00, ал дайын құжаттар 13:00-ге дейін тапсырылады.