Милан әуежайының еденінде ұйықтаған отандық спортшылар 30 медаль ұтып алды

0
519

Грэпплингтен әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғауға бара жатқан бір топ жас спортшы Италияның Милан қаласының әуежайында қалып қойған.


Милан әуежайының еденінде ұйықтаған отандық спортшылар 30 медаль ұтып алды

ERNUR.KZ. Испанияда өтіп жатқан грэпплингтен әлем чемпионатында отандық спортшылар 30 медаль жеңіп алды. Олар жарысқа барар кезінде Милан әуежайының еденінде ұйықтаған, деп жазады ulysmedia.kz.

Грэпплингтен әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғауға бара жатқан бір топ жас спортшы Италияның Милан қаласының әуежайында қалып қойған. Олар авитасымалдаушының ауысып кеткенін білмегендіктен, Милан әуежайының еденінде ұйықтауға мәжбүр болды.

Аталған жайтқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігі түсінік берді.

«Қазір Испанияда (Понтеведра қаласында) грэпплингтен жастар, кадеттер және ересектер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Біз жаттықтырушымен байланысқа шықтық, оның айтуынша, команда мүшелеріне авиатасымалдаушының ауысқаны туралы ақпарат берілмеген. Сонымен қатар, әуе компаниясы ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпаған. Жоспар бойынша спортшылар Милан – Барселона – Виго рейсімен ұшуы керек еді. Іске консулдық өкілдері араласып, қажетті көмек көрсетті. Спортшылар дін-аман, олар қазір жарысқа қатысып жатыр», – деп жауап берді аталған ведомствоның баспасөз хатшысы Гауһар Омарбек.

Қазіргі таңда Испанияға аман жеткен спортшылар 30 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 6 алтын бар.