Туыстары оны іздестіру жұмыстарына бүкіл ақтаулықтардың жұмылғанын сұрануда. С.Кутепов туралы кез келген мәлімет оның туыстарын да, бұрынғы әріптестерін қызықтырады.
48 жастағы Ақтау қалалық мәслихатының экс-депутаты Сергей Кутепов 1 сәуір күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп жазады ERNUR.KZ lada.kz-ке сілтеме жасап.
Туыстары оны іздестіру жұмыстарына бүкіл ақтаулықтардың жұмылуын сұрайды. С.Кутепов туралы кез келген мәлімет оның туыстарын да, бұрынғы әріптестерін қызықтырады. Сондықтан тәулік бойы байланысуға болатын. 8 701 5225449 немесе 102 телефондарына хабарласа аласыздар.
Сергей Кутеповтың ерекше белгілері:
- Бойы 1,76 см,
- Қысқа қою қара шашты,
- Көзі көк,
- Үстінде қоңыр түсті күртеше, тоқыма бас киім, жинсы шалбар, сұр түсті аяқ киім, оң қолында протезі бар.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы «Халық банкі» басшысы лауазымын атқарып жүрген экс-депутатқа осы банктен миллиард теңге ұрлады деген айып тағылған болатын.