Миллиондар жұмсалған "жылы аялдамалардың" қызметін еріктілер атқарды

0
1 063

Сонда, жылусыз қалған аялдаманы енді волонтерлар алмастыра ма


Миллиондар жұмсалған

фото: видеодан скриншот

Елордадағы миллиондар жұмсалған "жылы аялдамалардың" кейбірі қыс басталмай жатып істен шыққан. Қытымыр қарашада бүрсең қаққан астаналықтар автобусты минус 28 градуста күтуге мәжбүр. Жылу таппай сенделген жандарға еріктілер ыстық шәй таратып әлек, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Арқаның сақылдаған сары аязы елордалықтарды бүгін ерекше әбігерге салды. Олай деуіміздің себебі күн-райы күрт суытып, «жылы аялдамадан» жылу іздеген халық, аялдамадан жылу таппай тоңып қалды.

4 пен 6 жарым миллион теңгенің аралығында салынған кейбір жылы аялдамалар істемейді, аңырап тұр деп шағымданған көпшіліктің қатары көп.

"Павильондарды электр энергиясына қосу, және жылу жүйесін баптау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Астана қаласы бойынша 82 павильоннның 52-сы қосылған. Қалғандары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жақын арада іске қосылады" - Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" мм жол қозғалысы қауіпсіздігі және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Руслан Әбдуәлиев.

Астана жастарының еріктілері 4 жылдан бері суық күндері ыстық шәй таратып келеді екен.

«Осы қаланың оң беті, сол беті деп бөлместен барлық қала бойынша қала тұрғындарына, жалпы сыртта тоңып жүрген барлық кісілерге автобуста жылынып алуға мүмкіндік беріп қана қоймай одан бөлек ыстық шәймен таратып отырамыз. Бүгін өздеріңіз көріп отырғандай өте қатты суық. Сондықтан адамдар тоңып қалмау үшін барынша ыстық шайларды жеткізіп отырмыз» - дейді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Аян Ерментаев.