​Министр Астанадағы элиталы мектептен қуылған мұғалім жайлы естімеген

0
1 703

Бейресми ақпарат бойынша, жұмыстан қуылған мұғалім Стивен Своруп Джексон болуы мүмкін.


​Министр Астанадағы элиталы мектептен қуылған мұғалім жайлы естімеген

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев елордадағы элиталы мектепте болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputniknews.kz.

Сағадиев ведомство болған оқиғаға қатысты әлі сауал жолдамағанын және жазбаша жауап алмағанын мәлімдеді.

"Біз әлі жауап сұратқан жоқпыз, енді жолдаймыз. Қандай оқиға туралы сөз болып отырғанын білмеймін", - деді министр үкімет кулуарында.

Ол мұғалімге қатысты қандай шаралар қолға алыну қажет екені әзірге белгісіз екенін айтты.

Бұған дейін Астанадағы QSI (Quality Schools International) халықаралық мектебінің мұғалімі оқушыға қатысты "орынсыз әрі кәсібилігіне жат әрекет" жасағаны үшін жұмыстан қуылған еді.

Мектеп әкімшілігі оқытушының әрекеті қылмыстық сипатта болмаса да, QSI мұғалімдерінің келісімшарты мен кодексіне қарама-қайшы болғанын мәлімдеді. Осыған байланысты мұғаліммен арада жасалған келісімшарт бірден күшін жойған. Шетелдік мұғалім бір тәулік ішінде Қазақстаннан кетті.

Бейресми ақпарат бойынша, жұмыстан қуылған мұғалім Стивен Своруп Джексон болуы мүмкін.