Министр Біртанов елдегі медицина қызметкерлеріне сөз арнады

0
658

Сіздер адамдарды ақша үшін емес, даңқ үшін емес, жұмыс, міндеттеріңіз осы болғандықтан емдеп жатсыздар, бұдан басқа амал жоқ.


Министр Біртанов елдегі медицина қызметкерлеріне сөз арнады

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне сөзін арнады, деп жазады zakon.kz.


"Қымбатты достар,

Мен осы сөзімді барлық деңгейдегі медицина қызметкерлеріне, дәрігерлерге, медбикелерге, санитарларға, медицина ұйымдарының басшыларына, санитарлық қызмет қызметкерлеріне, университеттер мен ғылыми орталықтардың қызметкерлеріне — қазір тәулік бойы, қаңтар айынан бастап демалыссыз жұмыс істеп жатқан барлық әріптестеріме арнаймын.

Мен бәрін түсінемін, көбіміз қатты шаршадық, эмоциялық тұрғыдан да жеңіл тиіп жатқан жоқ. Көбіңіз үйге барып, балаларды құшақтап, жандарында бола алмай жүрсіздер. Баршаңызға қазіргі жағдай қорқынышты, ренжіп жүргендеріңіз де бар. Арамызда вирусты жұқтырып алған мамандар да бар.

Осыған қарамастан, сіздер күн сайын ерте тұрып, жұмыс істеуге барып жүрсіздер, адамдарды емдеп, олардың өмірін сақтауға күш-жігерлеріңізді жұмсап жүрсіздер.

Сіздер адамдарды ақша үшін емес, даңқ үшін емес, жұмыс, міндеттеріңіз осы болғандықтан емдеп жатсыздар, бұдан басқа амал жоқ. Мен сіздерді мақтан тұтамын!

Мен сіздерді сөзбен емес, істерімен қолдап жатқан отандастарымызды мақтан тұтамын, олар: қарт адамдарға тамақ пен дәрі-дәрмек жеткізіп, маскалар тігіп, қажетті жүктері бар ұшақтардың ақысын төлеп, үйден онлайн концерт беріп, тіптен үйде карантинде отырып қолдау көрсетіп жатыр", - деді министр Facebook-тегі парақшасында.