Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан халыққа дәрі-дәрмек неге жетпей жатқанын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
фото: sputniknews.kz
Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан халыққа дәрі-дәрмек неге жетпей жатқанын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазіргі таңда дәрі-дәрмектің 94 пайыздан астамы сатып алынған. Жалпы өңірлерге 85 пайыздан астам дәрі жеткізілді. Соңғы дәрілерді сатып алу үшін тиісті шараларды қолға алып жатырмыз. Қажетті дәрінің бәрі жеткізілді", — деді министр.
Ал мемлекет қазынасынан бөлінген ақшаның игерілмеу себебін былай түсіндірді.
"Игерілмеген 12 миллиардтың 10 миллиарды медициналық қызметтерді төлеу комитетінің желтоқсан айындағы, соңғы екі аптадағы ақшасының төленбеуінен. Қажетті нормативтік-құқықтық акті қабылдауға байланысты сәл кешігіп төленді…", — деді Біртанов.
Сағынтаев министрдің сөзін аяқтатпастан, бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.
Ал білім және ғылым министрлігі 17 миллиард теңгені, ауыл шаруашылығы 8 миллиард теңгені игермеген.