Министр грантқа құжат қабылдау мерзімін атады

0
97

Биыл 10 шілде күні ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталады.


Министр грантқа құжат қабылдау мерзімін атады

фото: Sputnik / Анатолий Устиненко

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек грант конкурсына құжат қабылдау мерзімін атады, деп жазады sputnik.kz.
Биыл 10 шілде күні ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталады. Ал үш күннен кейін грант конкурсына құжат қабылданады.
“Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау 13-20 шілде аралығында өтеді. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады”,-деді Нұрбек үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, 28 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында жоғары оқу орындарында бірінші курс студенттеріне арналған бейімделу апталығы өтеді.
“Бұл студенттердің академиялық ортаға барынша қолайлы бейімделуіне және университет өміріне тиімді кірігуіне мүмкіндік береді”,-деп атап көрсетті Нұрбек.
2026–2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінді.
бакалавриат - 75 371 грант;
магистратура - 11 007 грант;
докторантура -3 079 грант.
Барлық грант 2030 жылға дейінгі кадрларға деген қажеттілік болжамына қарай үйлестіріледі.