Министр ХҚКО-дағы кемшіліктер үшін халықтан кешірім сұрады

0
837

"Бұрын ХҚКО-ға бармағаныма кешірім сұраймын" - министр.


Министр ХҚКО-дағы кемшіліктер үшін халықтан кешірім сұрады

фото ғаламтордан

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің ХҚКО-ға тұтынушы ретінде барып, тексеріп қайтқанын жазады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Өткен аптаның соңында ХҚКО-ға тұтынушы ретінде бардым. Алайда барлығы да мен қалағандай емес. Ешкім күтпеген кезде баруым - жалпы процесті танысудың ең тиімді әдісі екенін тағы да түсіндім", - деп жазады Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында.

Ол осы ретте бірнеше себебін жазған:

1. ХҚКО жанындағы дүңгіршектерде «көмекшілерге» тап болдым, онда ЭЦҚ шығаруға және egov қызметтерін алуға ақша арқылы көмектеседі! Пандемияның өршуі кезінде ХҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары жабылды, бірақ қазір бұл дұрыс шешім емес екенін байқауға болады. Әрине, сол дүңгіршектердің маңайында адамдар топталып алған. Жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ енді ақысыз алынатын қызметтері үшін ақша төлеуге тура келуде.

Бір апта ішінде өзіне-өзі қызмет көрсетудің барлық аймақтарын қалпына келтіруді тапсырдым! ХҚКО-да пандемиямен күресуге жай ғана түр көрсете салмай, санитарлық жағдайларды жасау мен бақылау жүргізу жұмыстарымен айналысу дұрысырақ.

2. ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес.

Санитарлық тораптарға жедел түрде жөндеуге қаржы бөлу, оларды әр сағат сайын суретке түсіру тәжірибесін енгізу, басшыларға және ахуалдық орталыққа фото жіберу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ өңірлік және аудандық басшыларын жеке жуынатын бөлмелері бар сәнді кабинеттерден айыруды тапсырдым. Басшы клиентпен бірге бір санитарлық торапқа баруы тиіс. Осы жағдайда ғана басқаша болады деп ойлаймын.

3. Тіркеу орны жанындағы топталу. Бұл талонды кеңес алғаннан кейін ғана берілетіндіктен пайда болады. Сонымен қатар анықтамаларды басып шығару үшін кемінде 5 адам келеді.

Сұраныстағы қызметтер бойынша барлық «куәлікті жоғалтқан кезде не істеу керек?», «сіздің пәтеріңізде тіркеуде таныс емес адам табылған кезде не істеу керек?» және т.б. кеңестермен жеке лендинг-парақтарын жасау керектігі шешілді.

Ал анықтамаларды басып шығару үшін бұрынғы сүйікті ақпараттық киоскілер кері қайтарылады, онда куәлікті қоюға, оны сканерлеуге және кез келген анықтаманы басып шығаруға немесе қызметке өтінім беруге болады.

4. Жеке куәлікті қалпына келтірдім. Суретке түсірген кезде, суретке қарау үшін адам оператордың мониторында тұруға және көруге мәжбүр. Әлбете, бұл ыңғайлы емес.

мусин1.jpg

Барлық орындарда екінші мониторды қою шешілді! Бұл шешім негізінен 2013 жылы стандартта бекітілді! 2013 жылы енгізілген шешімді қалпына келтіру керек!!!

5. Құжаттың қашан дайын екенін білу үшін қазір ХҚКО-ға қоңырау шалып, білуге тура келеді. Дегенмен 2008 жылы Тимур Жүнісовтың ұсынысы бойынша құжаттардың дайын екендігі туралы смс-хабарлама және оларды алып кетуге болатыны туралы хабарлама жасалды.

Қысқа мерзімде клиенттерге смс-хабарлама бойынша сервис қалпына келтірілетіні шешілді.

6. Брондау кезегі - қандай да бір қажетсіз нәрсе. Сіз алдын-ала брондауға тапсырыс беріп, келгенде, бөгде адам бронь жасамай, айхай-шу көтеріп, өтіп кетеді.

Фокус-топ (әр түрлі жастағы адамдар кіреді) брондауды пайдалана алатын кезде ғана жасау міндеттілігі шешілді.

"Бұрын ХҚКО-ға бармағаныма кешірім сұраймын. ХҚКО-ға барудың қажетілігі болмас үшін барлық қызметтерді онлайн түрде көрсетуге ауыстыруды ойладым. Алайда, ересек ұрпақ үшін ХҚКО-ға бару әлдеқайда дағдылы екенін мойындаймын. Сондықтан қызмет көрсету кезінде ыңғайлы болуына бұдан әрі жұмыс істейтін боламын",- дейді министр.