​Министр кімдердің 53 жасында зейнетке шығатынын айтты

0
1 178

Бұл жәрдемақының мөлшері 159 мың теңгеге артады


​Министр кімдердің 53 жасында зейнетке шығатынын айтты

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова көпбалалы аналарға мемлекеттен қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты, деп жазады sputniknews.kz.

Министр мемлекеттік қолдау сәби дүниеге келген сәттен бастап көрсетілетінін атап өтті. Ол бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыдан басталады.

"Жыл сайын елімізде 400 мың нәресте өмірге келеді. Мәселен, былтыр 391 мың бала дүние есігін ашты. Бірінші, екінші және үшінші бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы 95 950 теңгені құрайды. Отбасында төртінші және одан да көп бала дүниеге келетін болса, бұл жәрдемақының мөлшері 159 мың теңгеге артады", — деді Әбілқасымова үкімет кулуарында.

Ол әлеуметтік жәрдемақының екінші түрі бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төленетінін айтты.

"Ол бір жылға дейін айына орташа 14,5 мыңнан 20,5 мың теңгеге дейін төленеді. Анасы не әкесі жұмыс істеп, олардың атына міндетті медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік аударым төленген болса, оларға қордан орташа есеппен 32 мың теңге беріледі", — деп түсіндірді Әбілқасымова.

Министрдің айтуынша, бүгінде елімізде 300 мыңнан астам көп балалы ана зейнетке ерте шыққан.

"Материалдық қолдаудан бөлек, бізде көп балалы аналар үшін зейнетке ерте шығу мүмкіндігі қарастырылған. Яғни, олар зейнетке 53 жасында шығу құқығы бар аз санаттардың бірі. Бүгінде 332 мың әйел осы құқықты пайдаланған", — дейді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек, ол аналардың еңбек құқығы қорғалғанын, яғни жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі, сегіз жасқа дейінгі баласын тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналардың еңбек шартын бұзуға құқығы жоқ екенін атап өтті.