Министр ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған оқушының есімін жариялады

0
107

Бұған дейін ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ның аралық нәтижесін жариялаған.


Министр ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған оқушының есімін жариялады

фото: Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РК

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған оқушының есімін жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Үкіметтегі брифингте министр бүгін ғана ҰБТ тапсырған оқушының жетістігімен бөлісті.
"Осы сағат 12:40-та ғана Павлодарда Әсет Альтаир тестілеуді тапсырды. Ол - қаладағы 7-ші мектептің түлегі. Ресми түрде бірінші болып 140 ұпай жинады. Сүйінші деп айтуға болады", - деді Саясат Нұрбек.
Айта кетері, бұған дейін ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ның аралық нәтижесін жариялаған. Сол кезде ең жоғары көрсеткіш 138 ұпай болған.