Министр зейнетақы қашан және қалай көтерілетінін айтты

0
1 261

​Мемлекет басшысы кеше өз үндеуінде инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмекті 10 процентке индексациялауды тапсырған болатын.


Министр зейнетақы қашан және қалай көтерілетінін айтты

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақыны көтеруге қатысты пікір білдірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Кеше ел президенті әлеуметтік төлемдердің бәрін жылдық өлшемде 10 процентке индексациялауға тапсырма берді. Ол индексация жасалады. Сөйтіп, зейнетақы, жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері 1 сәуірден бастап артады. Бұл жылына – 10 процент. Жылдың басында 5 процентке көбейген, соны ескеріп көтерілетін болады", - деді Нұрымбетов бүгінгі онлайн брифингте.

Айта кетейік, кешегі үндеуде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмекті 10 пайызға индексациялауды тапсырды.

Осыған орай аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Президент телеарна арқылы жасаған үндеуінде елде жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға одан әрі қолдау көрсету жөнінде қосымша шешімдер қабылдағанын айтқан болатын.