Еліміздің БАҚ өкілдеріне жаңа журналистік этика кодексі қажет.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін кулуарда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров мәлім етті, деп жазады baq.kz.
Меніңше, оны мемлекет емес журналистер өз арасынан шығаруы керек. Сонда ғана мәселе ретін таба алады. Қазір министрлік заңнама шығарған жағдайда ол дұрыс болады деп есептемеймін. Абзалы журналистердің өз арасынан жаңа кодекс ұсынылуы керек, -деп түсіндірді Асқар Қуанышұлы.
Сонымен қатар министр өз сөзінде еліміздің БАҚ саласында қазірде еркіндік бар екенін және журналистердің еркіндігін одан әрі арттыру қажет екенін айтты.
2002 жылдан бастап өзімде тілші болып қызмет атқардым. Мен сол кезде журналистік этика кодексі туралы естіп жүрдім. Бірақ содан бері әріптестерімізбен бірігіп жасай алған жоқпыз. Қазір журналистика этикалық принциптері жобасы жасалып жатыр, алайда оны басқа да БАҚ саласының өкілдері нақты қолдау-қолдамауы белгісіз, -деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.