Министрлік «Алтын Орда» базарының қожайынын атады

0
686

Базардың жалпы сауда алаңы 218 151 шаршы метрді құрайды.


Министрлік «Алтын Орда» базарының қожайынын атады

ERNUR.KZ. Сауда және интеграция министрлігі "Алтын Орда" базарының аумағы "KURYLYS LTD" ЖШС-ға тиесілі екенін, ал жалға алушы Altyn Orda QazTrade Ltd ЖШС екенін мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Базардың жалпы сауда алаңы 218 151 шаршы метрді құрайды. Тауар айналымының көлемі айына орта есеппен 147 млн теңгеге дейін жетеді, жүк айналымы күніне 500 КамАЗ-дан асып жығылады. Күн сайын базарға 8-15 мың сатып алушы келеді.

"Алтын Ордада" 5050 сауда орны бар, оларды 45 440 адам жалға алады. Жалдау құны орта есеппен 42,5 мың теңгені құрайды.

Базар аумағында "Алтын Орда" қонақ үйі орналасқан.

Сауда министрлігі базар әкімшілігі ішкі сауда ережелерімен белгіленген талаптарды орындамайтынын, сауданың көлеңкелі айналымы бар екенін айтты.

Ведомстводағылар базар жұмысы тоқтатылса, жағымсыз салдары көп болады деген пікірде.

"Мысалы, базардағы сауда және жұмыс орындарының қысқаруы ондағы сатушылардың теріс реакциясын тудырады, сондай-ақ, тауар ағынының Қырғызстан нарығына көшуіне, сауданың стихиялық орындарының пайда болуына әкелуі мүмкін. Жақын базарлар үлкен тауар ағынына төтеп бере алмайды. Алматы облысында 84 базар, Алматыда 45 базар жұмыс істейді, оларда бос орын жоқ", – делінген министрлік хабарламасында.