Министрлік интернет-ресурстарындағы уақытша іркіліске не себеп болғанын түсіндірді

0
94


Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Жекелеген интернет-ресурстарындағы уақытша іркілістер құрылыс жұмыстары кезінде магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдалуына байланысты болды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады, деп жазады kaz.inform.kz.

«Қазақтелеком» АҚ ақпараты бойынша, құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафиктің негізгі бағыттарының бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдаған.

Мамандар трафикті шұғыл түрде резервтік арналарға ауыстырды, бұл байланыстың толық өшіп қалмауына мүмкіндік берді.

Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған жер жұмыстарын жүргізу кезінде байланыс желісінің зақымдануы себеп болды.