ERNUR.KZ. Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі Каспий теңізінде итбалықтардың өліміне қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.
"2023 жылы 6 мамырда жергілікті уақыт сағат 19:00 шамасындағы түскен ақпарат бойынша Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданы, Баутино ауылы, Каспий теңізі жағалауынан 15 дана итбалық және 4 дана бекіре балығының өлекселерін тапты", - деп жазылған министрліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қолданыстағы өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері осы жағдай туралы жедел түрде хабардар етілді. Сонымен қатар аталған дерек бойынша Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөліміне хабарланып, қылмыстық іс қозғалды. Оның шеңберінде жануарлардың өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары анықталады.