Министрлік жеңілдетілген автокредит бағдарламасы қашан басталатынын айтты

0
520

​Бағдарламаны қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлінеді.


Министрлік жеңілдетілген автокредит бағдарламасы қашан басталатынын айтты

ERNUR.KZ. Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасы сәуір айының соңына дейін іске қосылады, деп жазады sputnik.kz.

Индустрия министрлігі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, "Жасыл даму" АҚ қаражаты есебінен қазақстандықтардың жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөлік сатып алуы, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеуде.
Ведомство ақпаратынша, жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 миллиард теңгені құрайды. Өңірлерде автобустарды жаңартуға 30 миллиард теңге бөлінеді.
"Отандық өндірілген техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімді аяқтау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Айта кетері, жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша бастапқы жарна қажет емес. Несие мерзімі – 7 жылға дейін. Бір көлік үшін кредит сомасы 10 миллион теңгеден аспайды.