"Миы шайқалған": Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды

0
194

Ол амбулаторлық емдеуге жіберілді.


ERNUR.KZ. Қала тұрғынының айтуынша, жексенбі күні, яғни 30 маусымда, түн ортасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, деп жазады inbusiness.kz.

Куәгердің сөзінше, оны ұрып-соғып, нәтижесінде ол ми шайқалуы, параорбитальды гематома және бетінде көптеген көгерулер алған.

Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккенді дәрігерлер қарап шығып, медициналық көмек көрсетіп, амбулаторлық емдеуге жіберді.