Мұстафа Шоқай туралы жаңа деректі фильм жарыққа шықты

0
1 353

Бұл деректі фильмді дүниежүзілік «Алтын сапран» кинофестивалінің жүлдегері Доқтырхан Тұрлыбек түсірген. Кинолентаны әзірлеуге 20 жыл кеткен.


Мұстафа Шоқай туралы жаңа деректі фильм жарыққа шықты

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай жайында түсірілген «Ардағы еді түркінің» атты деректі фильм көрерменге жол тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл деректі фильмді дүниежүзілік «Алтын сапран» кинофестивалінің жүлдегері Доқтырхан Тұрлыбек түсірген. Кинолентаны әзірлеуге 20 жыл кеткен.

Фильм барысында тұғырлы тұлғаның өмір жолы толықтай баяндалып, қызмет жолындағы қиындықтары да назардан тыс қалмаған. Туындыда ел көп біле бермейтін деректер қамтылған.

«Осының нәтижесінде саяси қайраткердің бітім-болмысын жан-жақты аша алдық деген ойдамын. Мұстафа Шоқай кешегі соғыс жылдарында 140 мыңнан астам түркі тектес халық өкілдерін неміс тұтқынынан босатуға көмек бергенін тарихтан жақсы білеміз», - дейді режиссер Д.Тұрлыбек.

Бүгінгі күндері облыстың бірқатар аудандарында деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Жалағаш ауданында өткен шарада жергілікті көрермен туындыны жоғары бағалап үлгерді. Деректі фильмді орыс, ағылшын және түркі тілдеріне аудару көзделіп отыр.