"Мұқағали" фильмі Таллинде өткен халықаралық фестивальде жүлдеге ие болды

0
703

Прокатқа 21 қазанда шыққан болатын.


ERNUR.KZ. "Мұқағали" фильмі Таллинде өткен халықаралық фестивальде жүлдеге ие болды, деп жазады inbusiness.kz

Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушылары "Эстония" концерт залында өткен шараның жабылу салтанатында жария етті.

Режиссер Болат Қалымбетов түсірген "Мұқағали" фильмі "Темные ночи" атты 25-ші Таллин кинофестивлінде (PÖFF) экуменикалық қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. - Фильмнің поэзиялық тілі мен көркемдігі адам жанын ерекше сезімге бөлейді. Нағыз рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған кинотуынды, - деді Эстонияның діни ұйымдары өкілдері кірген экуменикалық қазылар алқасы.

Естеріңізге сала кетсек, фильмді Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм"қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірді. Туынды ақын өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмнің сценарийін жазушы Жүсіпбек Қорғасбек Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыровпен бірге жазды. Прокатқа 21 қазанда шыққан болатын.