Мұхамедиұлы Қазақстандағы мектептердің бірін иемденбек болған - Антикор

0
822

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі бойынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын.


Мұхамедиұлы Қазақстандағы мектептердің бірін иемденбек болған - Антикор

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу жұмыстары барысында бұрынғы мәдениет және спорт министрі, сондай-ақ Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты жаңа эпизодты хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

"Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты 221 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру эпизоды бойынша сот үкімі шықты. Қазіргі уақытта бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру және жоғары спорт шеберлігі мектебін заңсыз жекешелендіру бойынша қосымша эпизодтар бар. Келесі эпизод – "Дипломат" қонақүйін рейдерлік жолмен басып алу және пара беру әрекеті. Бұл істердің барлығы қазір сотта қаралып жатыр", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеуқанов.

Бұған дейін бұрынғы мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа қылмыстық іс бойынша сот алдына қайта келген болатын. Бұл жолы бұрынғы шенеунікке астаналық "Дипломат" қонақүйін рейдерлік жолмен басып алды деген айып тағылып отыр.

Еске салайық, Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі бойынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын.