Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мобильдік қосымша жасалды

0
706

Бүгінгі таңда қосымшаны Play Market-тен жүктеп алуға болады.


Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мобильдік қосымша жасалды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі елдегі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Ten Qogam» мобильдік қосымшасын іске қосты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Ten Qogam» мобильдік қосымшасы Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мүгедектігі бар адамдар үшін пайдалы болмақ. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі адамдар өз құқықтары жайында, жеңілдіктер, оқыту, жұмыспен қамту және басқа да көптеген мәселелер туралы ақпаратты ала алады. Жоба қазақ, орыс тілдерінде жұмыс істейді.

«Бұл қосымша мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне заңдардағы соңғы өзгерістер туралы, өңірлердегі әлеуметтік нысандардың қолжетімділігінен хабардар етеді. Қосымша арқылы инватакси қызметтерін пайдалануға, азық-түлік, дәрі-дәрмекті жеткізуге тапсырыс беруге болды», - дейді «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігінің директоры Ақжан Кәрім.

Бүгінгі таңда қосымшаны Play Market-тен жүктеп алуға болады, сондай-ақ оған кез келген құрылғыдан кіруге болады. Елімізде теңдесі жоқ жоба әзірге СҚО тұрғындары үшін қолжетімді, жақында оны басқа өңірлер де қолданатын болады.