Шенеунік көмекшілері дайындап берген қазақша баяндаманы еш қиындықсыз оқып бергенімен, сұрақ-жауап кезінде тосылып қалды.
ERNUR.KZ. Мәжілістің кезекті отырысына заң жобасы бойынша баяндама жасап, сұрақтарға жауап беруге келген министрлер мен вице-министрлер депутаттардан сөз естіп қайтты, деп жазады sputnik.kz.
Алайда қандай сауал қойылмасын, министрдің жауабы мәжілісмендерді қанағаттандырмады. Депутаттар нақты жауап ала алмағанын айтып шағымданды. Депутат Еділ Жаңбыршин шенеунікті, тіпті сынап тастады.
"Біз министрдің жауаптарынан нақты ештеңе естіген жоқпыз. Абсолютно. Түк түсініксіз", - деп ашуланды Жаңбыршин.
Төменгі палата депутаттарының көңілін қалдырған үкіметтің тағы бір өкілі төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков болды. Ол парламентке Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы төтенше жағдайлар туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасы жайлы баяндауға келген.
Шенеунік көмекшілері дайындап берген қазақша баяндаманы еш қиындықсыз оқып бергенімен, сұрақ-жауап кезінде тосылып қалды. Сөйтсек, вице-министр қазақ тіліне шорқақ екен. Оның үстіне, қойылған сауалдарға да тұщымды жауап бере алмады. Төменгі палата депутаты Ерлан Сайыров сұрақ қоймас бұрын министрлік өкіліне ескерту жасады.